Қазақстанда суармалы егістіктерден қанша табыс табуға болады


АСТАНА. ҚазАқпарат — Мемлекеттік бағдарлама аясында 2021 жылға дейін 610 мың гектар жерді айналымға енгізу қарастырылып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Берік Бейсенғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрліктің негізгі бастамаларының бірі суармалы жерлерді енгізуге қатысты. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2021 жылға дейін 610 мың гектар жерді енгізу қарастырылып отыр, оның ішінде 2019 жылы 124 мың гектар қамтылмақ. Арнайы салалық бағдарлама әзірленді, оның аясында болашақта тағы да 1,5 млн гектар суармалы жерді айналымға тарту қарастырылған», — деді вице-министр Парламент Мәжілісінде ауылдық жерлерде бизнесті дамытуда ӘКК-лер рөліне арналған дөңгелек үстел отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, әлемдік тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жеке инвестицияларды тарту арқылы қаржыландыру моделіне ауысу ұсынылады. Жаңа қадам бойынша тарифтік саясат жасалып, бұл өз кезегінде инвестициялардың қайтарылуын қамтамасыз етеді.

«Осы салаға алдағы 9-10 жылда 1,2 трлн теңге инвестиция тартылады деп күтілуде. Бұл тұрғыда суармалы жерлер аумағы 3,5 млн гектарға жеткізілмек. Осы егістіктерден алынатын өнімнің жалпы көлемі 3,7 трлн теңгені құрайды. Аталған жобаларды жүзеге асыру әлеуметтік-кәміпкерлік корпорацияларды қамтамасыз ете алады», — деді Берік Бейсенғалиев.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/kazakstanda-suarmaly-egistikterden-kansha-tabys-tabuga-bolady_a3487055”

Сайт продается

Цена: 550$

Обращатся : [email protected]

Ан-225 «Мрия»

1 февраля 1989 года самолет был показан широкой публике, а в мае того же года Ан-225 совершил беспосадочный перелет из Байконура в Киев, неся у себя на спине «Буран» весом 60 тонн. В том же месяце Ан-225 доставил космический корабль «Буран» на авиасалон в Париже и произвел там настоящий фурор. В общей сложности на счету самолета 240 мировых рекордов, в том числе перевозка самого тяжелого груза (253 тонны), самого тяжелого монолитного груза (188 тонн) и самого длинного груза.